«Артспорт» балаларға арналған бағдарлама

«Артспорт» балаларға арналған бағдарлама

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдың мамыр айында республика бойынша мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс арқылы спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерде балалардың сабақтарын жанбасына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша реформа басталды және «ArtSport» (өнержәне спорт) бейресми атауын алды. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – денісау, мәдени және шығармашылық жағынан дамыған тұлғаларды тәрбиелеу.

Бұл әлеуметтік жоба мемлекет есебінен, қалалар мен облыстардың әкімдіктері арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламада бірінші орынға бала қойылады. Балаға белгілі бір қызмет көрсетушіден өзі таңдаған шығармашылық үйірмеге немесе спорт секциясына баруға ваучер беріледі, ал өнім берушінің барлық шығындарын (жаттықтырушылар мен оқытушылардың жалақысы, үй-жайларды жалғаалу, коммуналдықшығыстар) төлеудіата-аналаремес, мемлекеттікшығармашылықтапсырыс операторы (әкімдіктердіңмәдениетбасқармасы, денешынықтыружәне спорт басқармасы) арқылы мемлекет жүзеге асырады.

Ата-аналар «ArtSport» бағдарламасы аясында бірде-бір өнім беруші тегін жұмыс істемейтінін және өз кезегінде шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларындағы оқу процесінің барысын бақылауы тиіс екенін түсінуі тиіс. Үйірмелердің сабақ кестесіндегі барлық өзгерістер туралы қызмет көрсетушілер, оқытушылар балалардыңата-аналары мен заңды өкілдерін хабардар етуі тиіс. Ата-аналар нақты өткізілген сабақтар үшін келу табеліне қол қойып растағаннан кейін ғана оператор өнм берушінің шығындарын бюджеттен төлейеді.

Алаяқтық жағдайларын болдырмау үшін ата-аналардың өз логиндерін, парольдерін, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайтындығына назарынаударамыз. Электрондық табельдерге қол қоюды заңды өкіл өзі жүзеге асырады.

Облыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бағдарламасы қызмет көрсетушілерді, балалары секциялар мен үйірмелерге қатысатын ата-аналарды және мемлекеттік тапсырыс операторларын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерін (оның міндетіне мұнда мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, өнім берушілерді саралау, есептерді қабылдау және тексеру кіреді) біріктірген «ArtSport» онлайн – платформасы арқылы іске асырылады,сондай-ақ порталда балаларды секциялар мен үйірмелерге қабылдаукезектілік қалыптастырылады.

Тиісінше, әртүрлі рөлдер мен тапсырмалар үшін сәйкесінше функционалдығы мен қол жетімділік деңгейлері бар түрлі интерфейстер жасалды:

1)баланың (балалардың) заңды өкілінің кабинеті;

2)жаттықтырушы (оқытушы) кабинеті

3) көрсетілетін қызметтерді берушінің кабинеті

4) мемлекеттік тапсырыс операторының кабинеті (әкімдіктердің мәдениет және спорт басқармасы).

Бұл платформа Қазақстан Республикасының ірі ақпараттық жүйелерімен біріктірілген. ҚР БҒМ Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДБ) интеграциялануы балаларды сәйкестендіруге және платформада «өлі жандарды» тіркеуге мүмкіндік бермейді. Платформада тіркелу кезінде барлық пайдаланушылар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тексеру рәсімінен өтеді.

Шығармашылық үйірмеге қабылдау ваучерін алу үшін баланың заңды өкілі кезекке қоюға электрондық өтініш береді. Шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланыңь тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініштің нөмірі мен берілген күні көрсетілген ваучер алуға балалардың тізімін қамтиды.

Кезектегі өтініштер олардың берілген күні бойынша секундтарға дейінгі дәлдікпен қалыптастырылады, жеңілдіктері жоқ және бір-біріне қатысты баламалы болады.

Шығармашылық үйірмелердегі орындар босаған кезінде ақпараттық жүйе автоматты режимде мемлекеттік қаржыландыру көлемін кейіннен бөлу кезінде енгізілген мәліметтерді ескереді.

Бос орындар ақпараттық жүйемен балала рарасында олардың кезектілігіне сәйкес, баланың заңды өкіліне шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін электрондық ваучер беру арқылы бөлінеді. Өтінішті баланың заңды өкілі жеке өзі береді. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде ақпараттық жүйе кезектегі өтінішті және ол бойынша берілген ваучерді жояды.

Мемлекеттік спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстары шеңберінде ел ауқымында бір балаға спорт секцияларының немесе шығармашылық үйірмелердің қызметтеріне кезекте баланың заңды өкілінің бірден көп емес өтінішінің болуына жолберіледі.

Жыл сайын 1-31 тамыз және 1-28 ақпан аралығында ақпараттық жүйе бұрын кезекке қоюға өтініш берген, кезекте тұру мерзімі үш айдан асатын және баланы шығармашылық үйірмелерге қабылдау үшін ваучерлер алынбаған балалардың заңды өкілдерінің кезекті электрондық растау рәсімін жүзеге асырады. Баланың заңды өкілі электрондық түрде кезекте тұруға одан әрі мүдделілігін растайды немесе баланың заңды өкілінің растауы болмаған жағдайда ақпараттық жүйе өтінішті кезектен алып тастайды.

Оператор, өнім беруші және баланың заңды өкілдері арасындағы өзара іс-қимыл ақпараттық жүйе арқылы жүретінін және мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей байланысты болдырмайтынын атап өтеміз.

Қостанай облысы әкімдігінің арқасында «Артспорт» бағдарламасы аясында жеті мыңнан астам бала шығармашылық үйірмелерде тегін оқи алады.

Бүгінгі таңда 30 бағыт бойынша 230-дан астам шығармашылық үйірме жұмыс істейді. Ең танымал шығармашылық үйірмелер: «Ұлттық (Халықтық) билер», «Кескіндеме, сурет салу», «Домбыра», «Заманауи (эстрадалық) би», «Эстрадалық вокал».

 

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы

 

Жаңалықтармен бөлісу