Өңіріміздің IT саласы мамандары әлемде үздік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Польшада 32 елдің ең мықты қатысушылары EuroSkills Gdańsk 2023 кәсіби шеберлік байқауында үздіктер атағына бағын сынап көрген болатын. Осы байқауда Қазақстан құрамасының еншісіне 1 күміс, 1 қола, 4 медал бұйырған.
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің түлектері Андрей Степанюк пен Станислав Горицын «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті бойынша командалық сайыстың қола жүлдегерлері атанды.
EuroSkills Gdańsk 2023 чемпионатына әлемнің 32 елінен 25 жасқа дейінгі жұмысшы мамандықтарының 600 өкілі өз кәсібінің үздігі атағын иелену үшін сайысқа түскен еді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.