Арқалықтықтар соңына дейін белсенділіктерін сақтады

Арқалықтықтар соңына дейін белсенділіктерін сақтады

Бірліктің берекесі мол. Ел тынысындағы елеулі күнді арқалықтықтар ауызбіршілікпен атқарып шықты деуге болады.

Мәселен, №5 жалпы білім беретін мектебінде орналасқан №105 референдум учаскесінде 2143 адам тіркелген. Комиссия төрағасының айтуынша тұрғындар түгелдей дерлік атсалысып, соңына дейін жақсы белсенділік танытқан.

Мәди Асылханұлы,

№105 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:

«Учаскемізде алғаш дауыс беруші 7 адам, сонымен қатар 9 адам үйде дауыс беруге өтініш жасады. Қала өнерпаздары ән мен жырын ұсынып, өнім өндірушілер жәрмеңке өткізді.

Ақылбек Төлеуханұлы,

дауыс беруші:

blank

 

«Құс фабрикасында» жұмыс істеймін. Жұмыс аяқталғаннан кейін учаскеме келіп, өзімнің азаматтық ұстанымымды көрсетіп жатырмын. Әрбір ізгі ниетті адамдар сияқты мен де елімнің өсіп – өркендегенін тілеймін. Жастарымыз бақытты болып, келешегіміз баянды болсын».

Тұрғындары ел өміріндегі маңызды күнге белсенді қатысқандардың бірі — №106 референдум учаскесі.

Мұхамедияр Дүйсенұлы,

дауыс беруші:

blank

«Жұмыс бабына байланысты кешқұрым келіп, даусымды беріп жатырмын. Элеваторда кептіру цехында мастер болып жұмыс істеймін. Зейнетке шыққанша сонда бас инженер болдым. Жастарға білгенімді үйретіп, тәрбиелеп жатырмын.

Өзіміз көпбалалы отбасымыз. Құдай берген алты балам, сегіз немерем бар. Еліміздің болашағы жарқын, жас ұрпақ бақытты болсын деп тілеймін»

Референдум учаскелеріндегі комиссия келушілерді соңына дейін қабылдап, әркімнің өз таңдауларын жасауына мүмкіндік туғызды. Бақылаушылар да өз міндеттерін тиянақты атқарды.

Таңшолпан Талғатқызы,

«Дауыс» коалициясының бақылаушысы:

blank

«№106 референдум учаскесінде тұрғындар толықтай белсенді дауыс берді. Ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ»

blank

Кешкі сағат тура 20:00-де дауыс беру аяқталып, комиссия мөрленген жәшіктердің қақпақтарын ашып, бюллетендерді санауға көшті.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                        Арқалық қаласы