Бүгін өңірде өткен референдум бойынша дауыс беру ұйымдасқан түрде өтті. Азаматтардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болғаны байқалды — тұрғындар өздерінің азаматтық міндетін орындау үшін дауыс беру учаскелеріне келді.
Барлық дауыс беру учаскесі қалыпты режимде жұмыс істеді, дауыс беру үдерісі ашық әрі айқын өтті. Маңыздысы — ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ, дауыс беру белгіленген талаптар мен заңнама нормаларына толық сәйкес өтті.
Бұл тұрғындардың жоғары азаматтық мәдениетін және маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Алмат Досмұхамедов,
«АМАNАТ» партиясының облыстық филиалы төрағасы
