Сүйінші жаңалық. Ғылым қызметкерлері күніне орай жерлесіміз, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің «Тарих және өнер» факультетінің деканы Гүлбаршын Конкина Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Гүлбаршын Спанқызы – жоғары білім мен ғылым саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті басшы әрі ғалым.

Ұзақ жылдар бойы университет қабырғасында еңбек етіп, білім беру сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және жас мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып келеді.
«Бұл марапат ұлағатты ұстаз, философия ғылымдарының кандидаты Гүлбаршын Спанқызының ғылым мен білім саласындағы табанды еңбегі мен адал қызметінің лайықты бағасы деп білеміз», – дейді мәртебелі марапат иесінің әріптестері.
Мұрат Жүнісұлы Арқалық қаласы
