Журналистер тарапынан Арқалық қаласындағы 2022 жылы ашылған гемодиализ орталығының жабылатыны туралы сұрақ қойылды.
Әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпаратқа қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркебұлан Баязитов ресми түсініктеме берді:
– Қоғамда гемодиализ орталығының жабылатыны жөнінде ақпарат тарады. Бірақ мұны көбісі дұрыс түсінбей қалған. Орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық пациенттер қажетті ем-шараларын уақытылы алып жатыр. Оның жабылуына қатысты мәселе жоқ. Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды толық бақылауда ұстап отыр, – деді ол.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
