Арқалыққа жаңа прокурор тағайындалды

Арқалыққа жаңа прокурор тағайындалды

Қаланың су жаңа прокурорын қала активінде  облыс прокурорының орынбасары Ерлан Андабаев таныстырды.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Арқалық қаласы прокурорының қызметіне әділет кеңесшісі Нұржан Тұрысбеков тағайындалды.

Нұржан Дүйсенбайұлы 1985 жылы 12 ақпанда Жетісу облысының Талдықорған қаласында дұниеге келген.

Прокуратура саласындағы еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының Алмалы ауданы прокурорының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда қызмет істеген.

Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының Сотта мемлекеттік мүдделерді білдіру және қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінде прокурор және аға прокурор, Алматы қалалық прокуратурасының Қылмыстық қудалау бөлімінде прокурор, Алматы қалалық прокуратурасының Қылмыстық қудалау департаментінде аға прокурор, Астана қаласы Есіл аудандық прокуратурасында Мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің басшысы, Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасында прокурордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың 24 сәуірінен Астана қалалық прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау департаментін басқарды.

blank blank blank blank blank blank

Прокуратура саласындағы жалпы еңбек өтілі 16 жыл.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                      Арқалық қаласы