Арқалықта жайлы аялдамалар салынады

Арқалықта жайлы аялдамалар салынады

Қоғамдық көлік күткен адамдарды қыс мезгілінде аяз бен бораннан қорғап, жаз уақытында ыстық күннен сая болатын жайлы аялдамалар салу жоспарланып отыр.

Қысы қатты аяз, жазы аптап ыстық өңір үшін жылы аялдамалар ауадай қажет. Әсіресе, қала төңірегіндегі ықшам аудандар мен кенттерден қатынап оқитын оқушыларға қиын. Осы ретте жергілікті билік үлкен қалалардағыдай шағын жайлы аялдамалар салуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта аялдамалардың орнын конкурсқа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр Алдағы сәуір-мамыр айларында бастаймыз деп отыр. Жазда салқын, қыста жылы аялдамалар салынады. Келешекте мұндай көпшілікке тиімді аялдамалардың санын арттыру да көзделді.

Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мәлімдегендей, бұл жұмыстар кәсіпкерлермен бірлесе атқарылмақ. Конкурс арқылы аялдаманы пайдалану құқығына ие болған кәсіпкер ескі аялдаманы талапқа сай етіп, қайта құрылымдап шығады. Кейін нысанның жартсын кәсібіне жаратып, қалған бөлігін аялдама ретінде жабдықтап, қоғам игілігіне ұсынуы тиіс.

Жайлы аялдамаларға ауа баптағыш орнатылып, жолаушылар қыста жылы, жазда салқын жерде автобус күтуге мүмкіндік алмақ. Қала бойынша әзірше осындай 5 аялдама салынбақ.

 

М.Бекетұлы

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу