Арқалық мешітіне жаңа имам тағайындалды

Арқалық мешітіне жаңа имам тағайындалды

«Мұхтасиб Әлмұхамед» атындағы Арқалық қалалық мешітінің жамағаты кезекті жұма намазын жаңа имаммен бірге оқыды.

ҚМДБ төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бұрнғы имам қызметінен босап, жаңа имам тағайындалды.

Арқалық қалалық мешітінің жаңа имамы болып Балғабай Оразханұлы Шәйкемелов бекіді.

Жаңа имам Мұхтасиб Әлмұхамед мешітінде қызмет жасаған. Жалпы, дін қызметі саласында он жылға жуық еңбек өтілі бар.

blank

Жаңа қызметке Рудный қалалық мешітінің наиб имамы қызметінен босап келіп отыр.

Жаңа имамды Қостанай облыстық діни басқармасының бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиевтің өзі арнайы келіп таныстырды.

Бұған дейін қалалық мешіттің бас имамы қызметін ұзақ жылдар бойы атқарған Нұрхан қажы Бақтыбай өз өтініші бойынша денсаулығына байланысты өкілеттілігін тоқтатты.

blank

Ұлттық салт – дәстүрге сай өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарған қалалық мешіттің бұрынғы бас имамының иығына мешіт жамағаты атынан шапан жабылып, атқарған қызметіне алғыс білдірілді.

blank

Бектұрсын қажы Уәлиев мешіт жамағатына ҚМДБ өткен жылды «Ислам және құндылық» жылы деп жарияласа, биылғы жылды «Ислам және адал қоғам» деп атап отырғанын жеткізді.

blank

«Адалдық – бұл жеке адам басына ғана тиісті емес, адалдық — қоғамға пайдалы нәрсе. Дана халқымыз адал адам – арының құлы, арам адам – малының құлы» деген. Адалдық – қоғамды ұстап тұратын тірек десек қателеспейміз. Сол себептен, әрқайсымыз әр салада адал болсақ, қоғамда тұрақтылық болады», – деді облыстың бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы.

Өз кезегінде мешіттің бұрынғы имамы Нұрхан қажы Асанұлы ел – жұртқа, діни басқармаға ризашылығын білдіріп, ізбасары болған жаңа имамның қызметіне сәттілік тіледі.

Мұрат Жүнісұлы

 Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                            Арқалық қаласы