Амангелдіде пікірталас турнирі мәреге жетті

Амангелдіде пікірталас турнирі мәреге жетті

Амангелді жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында  «Біз біргеміз!» тақырыбында аудандық достық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Турнирге жас пікірсайысшылармен қатар педагог қызметкерлер мен ата-аналар да қатысты.
«Ұшқыр ой алаңы» аудан бойынша 8 команда жиналды. Ата-аналар пікірталас алаңындағы тәжірибелерінің аздығына қарамастан, балаларға үлгі боларлықтай лайықты ойын өрнегін көрсете алды. Ы. Алтынсарин мектебінен қатынасқан ата-ана, «Алтын дала» табиғи резерватының қызметкері Қанат Есмурзин, аудандық мұрағат бөлімінің бас маманы Эльмира Олжағұлова, Құмкешу мектебінен Ақгүлім Қонысбек  берілген қарарларға сай аргументтерін дәлелдеп, өздерінің ұстанымдары мен пікірлерін жоғары деңгейде қорғай білді.

«Ұшқыр ой алаңы» жобасының дамуына атсалысып, жүлделі орынға ие болған командалар, үздік спикерлерге арнайы дипломдар және сыйлықтар табысталды.
І орынды Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Ділмар» командасы жеңіп алса, Н.Мейірманов жалпы білім беретін мектебі мектебінің «Зерде» командасы ІІ орынға ие болды. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Парасат» командасы да осы орынға лайық деп танылды.

blank blank blank Амангелді жалпы білім беретін мектебінен қатысқан «Зерде» командасы, Құмкешу жалпы білім беретін мектебінің «Жалын» командасы, Жалдама жалпы білім беретін мектебінің «Мұрагер» командасы ІІІ орын алды.

blank blank blank blank blank

«Ең үздік спикер» аталымының жеңімпазы –Инабат Қойшыбай. Ол  Жасбуын жалпы білім беретін мектебінің оқушысы. «Жүйелі сөз шебері» аталымының жеңімпазы – Еркежан Ғазезова.  Еркежан Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқып жатыр.