Оқиға Қостанай ауданының Алтын Дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінде болған.
Шомылуға тыйым салынған жерде екі адамның суға кеткен олардың бірі – 2020 жылы туған бала.
Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде бала су жиегінде ойнап жүріп, қатты ағыс аймағына түсіп кеткен. Оқиғаны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылғанымен, өзеннің қатты ағысы екеуін де ағыс бойымен алып кеткен.
«Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадасы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жедел түрде жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 40-қа жуық жеке құрам қызметкері, 13 бірлік техника, екі жүзу құралы және бір ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Су айдынының акваториясында жалпы көлемі 32 мың шаршы метр аумақ тексерілді. Үш сүңгуір тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Іздеу жұмыстарына көмек көрсетіп жүрген азаматтардан су айдындары маңында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұрайды. Қайықта немесе су жағасында жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қараңыз.
