Allur зауыты өткен жылды қорытындылады

Allur зауыты өткен жылды қорытындылады

Облыстың экономикалық саласында алпауыт кәсіпорын Allur көлік зауытының алар орыны ерекше. Өткен жылы жемісті еңбек етіп, жарқын жобаларды іске асырды. Қол жеткізген жетістіктер қорытынды жиынында кеңінен айтылды.

Биыл да Allur бірқатар маңызды бастамаларды іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріп отыр.

Зауытта қорытынды жиын өтіп, өткен жылы адал қызмет етіп, тер төккен үздік қызметкерлер марапат биігінен көрінді. Іс-шара өндірістік бөлімдерде ұйымдастырылып, барлық бөлімшелердің жұмысшылары, басшылары мен менеджмент өкілдері қатысты.

Қорытынды жиында Allur қабырғасында жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлер де елеп-ескерілді. Яғни, өнімді жұмыс істеп, өндірістегі міндеттерді сапалы орындап, кәсіби біліктілігімен танылғандар Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар иеленді.

blank blank blank blank blank blank blank blankАуызбен айтуға оңай тәрізді. Бірақ әр көлікті құрастыруда қызметкерлердің сонша ерік-жігері, күш-қуаты жұмалады. Сол себепті, олардың қосқан үлесі зауыттың жалпы жетістігінің бір бөлігі. Жыл соңындағы қорытындыға көз жүгіртер болса, зауыт 92 мыңнан астам көлік шығарған. Қазақстандағы автомобиль шығару нарығындағы Allur-дың үлесі 53 пайызды көрсетті. Бұл отанымыздың негізгі өнеркәсіп саласында өзіндік алар орыны бар екенін айқындай түседі.

blankБүгінде Allur-де Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Skoda және Geely Galaxy маркаларының көліктері өндіріледі. Өткен жылы көлік түрі кеңейтіліп, Jetour X70 PLUS жол талғамайтын көлігінің сериялық ұсақ түйіндік өндірісі іске қосылды. Сондай-ақ Geely Galaxy EX5 EM-i гибрид моделі – республика аумағында шығарылатын алғашқы гибридті автомобиль.

blank

blank

«2025 жыл Allur үшін өндірістік көрсеткіштердің жоғары деңгейі мен ауқымды жобалардың жемісті жүзеге асқын жылы болды. Біз шығару көлемін арттырдық, жаңа үлгілерді енгіздік, инфрақұрылымды дамыттық және адамдарға инвестиция құюды тоқтатқан емеспіз. Біздің мақсатымыз – технологиялық негізді нығайту және Қазақстанда мықты инженерлік мектеп құру», – деді Allur зауытының атқарушы директоры Аргулан Майконов.

Жоғарыда жазғанымыздай Allur еңбеккерлерін ерекше бағалайды. Оны іспен де дәлелдеп келе жатыр. Инфрақұрылымды дамытудың тағы бір дәлелі машина құрастырушыларға арналған үш жүз орындық заман талабына сай Allur Campus жатақхана құрылысының аяқталуы. Бұл жоба қызметкерлердің әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың әрі өсуі үшін де жасалып жатқан қамқорлық. Осындай қолдау бар жерде тұрақты инженерлік база қалыптаспақ.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді ұсынған – Allur зауытының баспасөз қызметі