Бейімбет Майлин ауданына қарасты Валерьянов ауылындағы №746 референдум учаскесінде жас тұрғын Нағашыбай Құдайберген алғаш рет дауыс беруге қатысты.
Нағашыбай Құдайберген – Рудный музыкалық колледжі 4-курс студенті. Оның айтуынша, референдумға алғаш рет қатысу ерекше әсер қалдырған.
«Бүгін мен конституциялық реформа жобасы бойынша референдумға алғаш рет қатыстым. Бұл – менің дауыс берудегі алғашқы тәжірибем. Өз даусыңның шын мәнінде маңызды екенін сезіну ерекше әсер қалдырады. Барлығы тыныш әрі заң талаптарына сәйкес өтті. Еліміздің болашағына өз үлесімді қосып отырғаныма мақтанамын. Әрбір дауыс маңызды», – дейді ол.
Алғаш рет дауыс берген жасқа естелік ретінде «Баян Сұлу» компаниясының «Қазақстан» шоколады тарту етілді.
Шұға Қоңқабай
Бейімбет Майлин ауданы
