Әскердегі смартфонға қатысты талап жеңілдеді Фото: egemen.kz

Әскердегі смартфонға қатысты талап жеңілдеді

Әскерге шақырылатын азаматтар мен олардың ата-аналары үшін тағы бір жаңалық. Мерзімді әскери қызметшілердің ұялы байланыс құралдарын пайдалану тәртібі жеңілдеді.

Қорғаныс министрінің «Әскерде жеке мобильді құрылғыларды пайдалану қағидалары» жөніндегі бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мерзімді әскери қызметшілерге смартфондарын әскери бөлім аумағына, оның ішінде казармаға алып кіруге рұқсат етілді.

«Телефонды әскери қызметшілер өз бөлімшесі аумағында, күн тәртібінде белгіленген жеке уақытында пайдалана алады. Бұл жаңалық ата-аналар үшін де баласымен байланыс орнату тұрғысынан маңызды», – ол туралы Қостанай қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Батырхан Зиятов.

Сералы МЫРЗАБАЙ