Әлия Аманжолова: «Облыстың он мыңнан астам азаматына құқықтық кеңес берілді»

Әлия Аманжолова: «Облыстың он мыңнан астам азаматына құқықтық кеңес берілді»

Жыл сайын 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасында Әділет органдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл күн – мемлекеттің құқықтық негізін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қоғамда әділеттілік пен заңдылықты орнатуға ерекше еңбек сіңірген барлық мамандардың кәсіби мерекесі.
Қостанай облысының Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік органы және ауқымды міндеттерді атқарады. Яғни, заң шығарушылық және сот-сараптама қызметі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, адвокатура, нотариат, заң консультациясы, атқарушылық іс жүргізу институттарын реттеу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру.

Атаулы күні облыстық Әділет департаментінде жиын өтіп, бірқатар сала мамандары марапатталды. Оған заң саласының ардагерлері, қызметкерлер мен мекеме басшылары қатысты. Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжолова Әділет органдары саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

«Шынымен де, Әділет органдары саласында ауқымды жұмыстар атқарылды және атқарылып жатыр. Қазіргі таңда барлық процестер автоматтандырылуда. Біз Нотариаттық палатамен бірлесе отырып, электронды сенімхаттарды және электронды келісімдерді белсенді түрде насихаттап жатырмыз. Бұл өте ыңғайлы құрал және оны пайдаланып көргендер осы қызметті қолдануды жалғастыруда. Облыс азаматтарына тегін консультациялар ұйымдастыру арқылы 10 мыңнан астам азаматқа адвокаттар мен консультанттардың көмегін көрсеттік. Бұл – азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғаудағы үлкен қолдау. Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп іске қосылған «Тараптар кабинеті» өте тиімді тетік деп ойлаймын. Себебі, бұрын шағымдарды Бірыңғай электронды нотариаттық жүйеге беру және 10-15 күн күту қажет болса, қазір әрбір борышкер немесе өндіріп алушы өзінің сұранысын жеке сот орындаушысына жедел жазады, ал бұл процесті біз және Әділет министрлігі бақылап отырады», – деді департамент басшысы.

Бұдан бөлек, ChatGPT негізінде жасалған, бірақ одан да тиімді және өзекті «Құқықтық көмекші» чат-боты іске қосылған. Ол Қазақстанның нормаларын, яғни еліміздегі бар заңнамалық актілердің мұрағаттарын жүктейді. Сондықтан, бұл чат-бот нақты Қазақстан заңнамасын пайдаланады. Сондай-ақ, ауылдық округтердің тұрғындары нормативтік актілерге және ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алуы үшін өңірде облыс әкімдігімен бірлесіп ашылған 210 құқық кабинеті жұмыс істейді. Ішкі жүйелер мен жеке қызметтерді қамтитын құқықтық көмек жүйесі арқылы осы жылдың өзінде 10 мыңға жуық адам көмек алған. Мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Жалыбин саладағы өзгерісмтерді оң бағалады.

blank

 

«Бүгінгі күнде айтарым көп. Себебі, әділет жүйесі, жалпы біздің Қазақстандағы әділет жүйесі өте күрделі жолдан өтті. Ескі уақыттағы қиындықтарды қазір ұмыта бастаған сияқтымыз. Бірақ сіздердің әрқайсыңыз бүгінде Жаңа Қазақстанды өз қолдарыңызбен құрып жатырсыздар. Сіздер жаңа әділет жүйесін қалыптастырып жатырсыздар. Қатарларыңызға жаңа буын, жас мамандар лек-легімен қосылып жатыр. Дамыған технологияның арқасында бірқатар жұмыстар жеңілдеп, тұрғындарға қызмет көрсету деңгейі артып отыр. Байқағаным, салада жаңашылдықтар көп екен», – деді заң саласының ардагері Сергей Жалыбин.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін әділет органдары белсенді түрде цифрлық форматқа көшуде. Жүзден аса тәулік бойы жұмыс істейтін құқықтық қызмет іске қосылған. Нотариусқа бармай-ақ электронды сенімхаттар мен жұбайлардың келісімін беруге мүмкіндік беретін «Е-Нотариат» жүйесі жұмыс істейді. «Сот орындаушы роботы» сервистері енгізілген, олар атқарушылық іс жүргізудің ашықтығын және өндіріп алуды автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, eGov mobile қосымшасы және kaspi.kz арқылы неке тіркеуге өтініш беруге болады.

Тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылған. Департаментте азаматтарға білікті заңгерлік көмек көрсету мақсатында «Әділет кеңес береді», «Халық заңгері», «Борышкер», «Антиконтрафакт» сияқты акциялар тұрақты түрде өткізіледі. Бұл іс-шаралар арқылы мыңнан астам азамат білікті заңгерлік көмек алды.

Айта кету керек, Қазақ еліндегі әділет органдарының алғаш құрылуына Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов негіз болған. 1929 жылы қазақ революциялық комитетінің отырысында әскери-революциялық комитет мүшесі Ахмет Байтұрсынов баяндама жасап, онда Қазақ елінің дербес әділет органы құрылуы керек деген бастама көтерген. Ұсыныс қабыл алынып, революциялық комитет әділет бөлімін құрды.

Сералы МЫРЗАБАЙ