Оңтүстік өңірлерде «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы жүзеге асуда

Оңтүстік өңірлерде «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы жүзеге асуда

Жангелдин аудандық «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының алғашқы өлкетану жұмыстары бастау алды.

Аталмыш жоба: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Жангелдин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік — әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

blank blank Ұсынылған мемлекеттік — әлеуметтік тапсырыс жобасының шеңберінде ұлт көсемдерінің бірі — Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы аясында мектеп оқушыларын өлкетану жұмыстарымен таныстыру мақсат етілді. Бұл айтулы мерейтой – жас ұрпақтың туған жер тарихын танып, елін сүйетін тұлға болып қалыптасуына жол ашатын тағылымды кезең.

blank blank blank blank Мектеп оқушыларын өлкетану жұмыстарына тарту – олардың бойында ұлттық құндылықтарға құрмет, туған өлкенің тарихына қызығушылық қалыптастырады.

blank blank blank blank Жас өлкетанушылар алғашқы сапарын Арқалық қаласынан бастап, одан әрі көршілес Амангелді ауданында және Алаш арысы дүниеге келген Жангелдин ауданының Қызбел, Бидайық ауылдарында жалғастырды.blank blank «Ұлт көсемі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы аясындағы өлкетану жұмыстары – жас буынның бойына елжандылық, тарихқа құрмет, болашаққа сенім ұялататын игі бастама. Бұл – өткенді танудың, бүгінді бағалаудың және болашақты жарқын етудің кепілі.

blank blank blank blankӨлкетану барысында оқушылар тарихи тұлғалармен байланыс және туған жерінің рухани байлығын зерттеуге мүмкіндік алады»,-дейді «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Бейсенбек.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                              Арқалық — Амангелді — Торғай