ӘДІЛЕТТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: үш кассациялық соттың құрылуы

ӘДІЛЕТТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: үш кассациялық соттың құрылуы

2025 жылы 1 шілдеден бастап Республиканың аумағында Кассациялық сот құрылады – бұл сот
сатысы сот шешімдерінің материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолда-
нылуын қайта қарастырады. Оның негізгі мақсаты – заңнаманы біркелкі түсіндіруді қамтама-
сыз ету және сот қателіктерін түзету. Бұл туралы бізге Қостанай облысы ауданаралық әкімшілік
сотының судьясы Қанат РАХЫМБАЙ айтып берді.

Кассациялық сот қандай функцияларды орындайды?
Кассациялық соттың функцияларына мыналар кіреді:
• төмен тұрған соттардың шешімдерінің заңдылығын жəне негізділігін тексеру;
• құқық нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету;
• жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау;
• сот тəжірибесін бақылау жəне талдау арқылы сот шешімдерінің сапасын
арттыру.

Кассациялық соттың ашылуы ел үшін неге маңызды?
Кассациялық соттың ашылуы ел үшін бірқатар маңызды артықшылықтарға
ие:
• халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру;
• əділеттілікті, ашықтықты, тиімділікті жəне сот шешімдерінің сапасын қамтамасыз ету;
• сот жүйесін Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот (АҚЕС) сияқты
халықаралық стандарттар мен тəжірибелерге бейімдеу;
• сот қателіктерін азайту жəне құқық қолданудағы кемшіліктерді түзету мүмкіндігін беру;
• шешімдерді жоғары сатыда қайта қарау мүмкіндігі арқылы сот қорғауының тиімділігін арттыру.
Жаңа кассациялық модель — бұл «жаппай кассация», яғни енді тек əкімшілік істер бойынша ғана емес, басқа да сот ісін жүргізу түрлері бойынша да сот процесіне қатысушылардың
барлық сот инстанцияларында тыңдалуына мүмкіндік беріледі.

Кассациялық сот қандай істерді қарайды?
Кассациялық сот азаматтық, қылмыстық жəне əкімшілік істер бойынша
шешімдерді қарайды. Жаңа құрылым аясында Кассациялық сот үш дербес соттан тұрады,
олардың əрқайсысы нақты бір салаға маманданған:
• қылмыстық істер бойынша кассациялық сот;
• азаматтық істер бойынша кассациялық сот;
• əкімшілік істер бойынша кассациялық сот.
Бүгінгі таңда кассацияда мəні бойынша қаралатын өтініштердің үлесі небəрі 5% болса, жаңа модель енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді.
Бұл — əрбір азаматтың немесе ұйымның шешімге қатысты уəждерін жоғары
сатыда толыққанды тыңдатуына мүмкіндік береді.

Кассациялық сотқа шағымдар мен өтініштер қалай беріледі жəне
оның ерекшеліктері қандай?

Жаңа касс ациялық модельде шағымдар мен өтініштер беру жəне
істерді қарау тəртібі айтарлықтай өзгереді. Негізгі ерекшеліктері мыналар:
• Істер тікелей кассациялық соттың алқаларына түседі – бұл дегеніміз, енді
істер алдын ала іріктеусіз бірден сот талқылауына шығарылады.
• Тараптар міндетті түрде шақырылады – сот тараптарды тыңдап, олардың уəждерін қарастырады, бұл əділетті процесті қамтамасыз етеді.
• Істерді қарау мерзімі – алты айдан аспайды – бұл кассациялық істің жедел
əрі нақты шешілуіне кепілдік береді.
• Барлық іс жүргізу түрлері үшін бірыңғай ереже енгізіледі – азаматтық, қылмыстық жəне əкімшілік істер бойынша біркелкі кассациялық тəртіп қолданылады.
Қазіргі жағдай:
Бүгінгі қолданыстағы заңнамаға сəйкес, кассациялық соттар «іріктемелі
кассация» қағидатымен жұмыс істейді. Яғни, төменгі сатыдағы соттардың күшіне енген шешімдеріне келіп түскен шағымдар алдымен алқа судьяларымен
алдын ала қаралып, тек кейбірі ғана кассациялық қарауға жіберіледі. Бұл
жағдайда істі қайта қарау мəселесі судьяның жеке шешіміне байланысты болады. Жаңа модельдің басты артықшылығы – əрбір шағым мін-
детті түрде мазмұнды қаралады. Бұл сот əділдігіне қолжетімділікті арттырады жəне құқықтарды қорғаудың шынайы кепіліне айналады. Сонымен, бүгінгі күні барлық апелляцияланған жəне протестік сот актілері кассациялық сатыға өтпейді. Статистикаға сəйкес, орташа есеппен тек
шамамен 5–10% іс кассациялық қарауға жіберіледі.
Бұл тəртіп кассациялық қайта қарауға қолжетімділікті шектейді жəне
қоғамның əділеттілікке қол жеткізуге деген талаптарына сай келмейді. «Жаппай» кассацияның басты ерекшелігі – істі қарауға қабылдау кезеңінде:
• Ол алдын ала іріктеудің болмауында.
• Барлық түскен шағымдар мен протесттер (Егер қылмыстық іс жүргізу кодексінің формалық талаптарына сəйкес болса) міндетті түрде қаралады.
• Істер коллегия құрамында, кемінде үш судьяның қатысуымен мəні бойынша
қаралады. Нəтижесінде, сот актілерін тексеру таңдамалы емес (яғни судьяның жеке
шешімімен емес), керісінше міндетті түрде жүргізіледі. Бұл жаңа жүйе əділдікке қолжетімділікті арттырады жəне құқық қорғау саласындағы кемшіліктерді тиімді жоюға мүмкіндік береді. Аталған «таңдамалы» жəне «міндетті» кассация арасындағы айырмашылық – Қазақстан Республикасында кассациялық соттарды құру туралы шешімнің басты себептерінің бірі болды. Осы орайда, Жоғарғы Сотқа ел мен қоғам үшін ең күрделі жəне маңызды сот істерін қарау қалдырылып, оның назарын сот тəжірибесін біркелкі қалыптастыру жəне заңнамалық жұмысқа бағыттау жоспарлануда.
Сонымен, жеке кассациялық соттарды құру жəне «жаппай» кассацияны енгізу кассациялық қайта қарау кезеңінде заңды күшіне енген сот актілеріне қолжетімділікті арттырады. Бұл өз кезегінде бірінші жəне апелляциялық инстанция судьяларының шешімдері үшін жауапкершілігін күшейтіп, істерді қарау сапасын жақсартуға ықпал етеді. Кассациялық соттар құрылғаннан
кейін, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот тəжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етуге басымдық береді. Жоғарғы Сотта сот актілерін қайта қарау тек ерекше жағдайларда ғана, егер олар жергілікті жəне кассациялық соттардың практикасына қайшы келсе
жəне құқықтың дамуы үшін қайта қарауды қажет етсе, Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысы бойынша жүзеге асады. Қазақстан Республикасында кассациялық сатыны құру халықаралық құқықтық стандарттарға адалдықты көрсетеді жəне оны құқық үстемдігі принциптерін сақтайтын демократиялық мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықта беделін нығайтуға ықпал
етеді. Бұл реформа ең алдымен азаматтардың соттық қорғау қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа кассациялық соттардың тағы бір ерекшелігі – олардың тек Астана қаласында орналасып, жұмыс істеуі. Бұл кассациялық сатының тəуелсіздігін қосымша қамтамасыз етудің кепілі.

Жаңа сот азаматтар мен бизнеске қандай артықшылықтар береді?

• Процестердің жеделдетілуі жəне ашықтықтың жоғарылауы.
Халыққа қандай қолдау жəне түсіндіру шаралары көрсетіледі?

Ақпараттық науқандар өткізу, консультациялар ұйымдастыру.
Соттың қолжетімділігі мен ашықтығы қалай қамтамасыз
етіледі?

• Онлайн қызметтерді енгізу, шешімдерді жариялау, ашық сот отырыстарын
өткізу.

Асыл ҚАСЫМ