Будва қаласында өтіп жатқан U19 санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті.
Нәтижесінде, төрт қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды:
70 келі. Бибарыс Әшірбай
+90 келі. Владислав Саможонов
57 келі. Алина Құдайгенова
+80 келі. Зарина Толыбай.
Финалдық жекпе-жектер 27 қазанға жоспарланған.
Ал төрт боксшымыз қола жүлдегер атанды:
60 келі. Данияр Ақбисенов
90 келі. Еркетаң Жарқынбек
51 келі. Мадира Жұмақан
60 келі. Индира Қыдырмолдаева.
