Арқалықта қос композитордың мұрасы насихатталды

Арқалықта қос композитордың мұрасы насихатталды

Бұған дейін хабарлағанымыздай Қытай Халық Республикасының елшісі  Хань Чуньлин мырза бастаған меймандар Арқалықта болған жұмыс сапарында қос композитордың өмір жолына, өнердегі достығымен етене танысты.

Қазақтың көрнекті композиторы, музыка өнерінің майталманы Бақытжан Байқадамов пен Қытайдың халық композиторы, әлемдік музыка мәдениетінде өзіндік із қалдырған Си Син Хайдың ұлы достығы барша адамзат баласына үлгі-өнеге.

Қонақтар алғашқы кезекте қаладағы Бақытжан Байқадамов атындағы музыка мектебінде болып, ондағы сан-салалы сабақтармен танысса, қалалық Мәдениет сарайында өнер өріндегі қос тұлғаның өмір жолдарын баяндайтын «Композитор» көркем фильмін тамашалаған болатын.

Келесі кезекте Қазақстан мен Қытай халықтарының достығына, қос композитордың рухани үндестігіне арналған «Музыкамен ұласқан достық» атты концерттік бағдарлама назарға  ұсынылады. Іс — шара барысында қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың әндері, қытай композиторы Сянь Синхайдың «Сары өзен» әні және ұлттық аспаптарымыздың сүйемелдеуімен басқа да туындылар орындалды.

Рухани құндылықтар халықтарды жақындастыра түседі. Бақытжан Байқадамов – қазақ даласының үнін музыка тілімен жеткізді. Си Син Хай – қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы жазып қалдырды.

Си Син Хайдың есімі Қостанай өңірімен байланысты. Ол Қостанай облыстық филармониясының қалыптасу тарихына айрықша атсалысқан. Халық батыры Амангелді Имановтың ерлік жолына арналған «Амангелді батыр» симфониялық туындысын дүниеге әкелген. Арада қанша уақыт өтсе де Си Син Хайдың осы шығармасы қайта жаңғырып келеді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Концерт соңында өнерпаздарға екі елді елдестіріп, достықты үлгі тұтқан елшінің атынан ықылас гүлі ұсынылды.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                        Арқалық қаласы