Қостанай облысында республикалық ақпараттық топ жұмыс жүргізді

Қостанай облысында республикалық ақпараттық топ жұмыс жүргізді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен 12-18 мамыр күндері республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қостанай облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты – халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу.


Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға Қостанай облысының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Әсет Нұғыманов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ дінтанушы, PhD доктор Толғанай Мұстафина, Ақмола облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог-маманы Сәкен Жақанов, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеттің әлеуметтік-гуманитарлык кафедраның профессоры, философия ғылымының кандидаты Дәурен Тойматаев секілді дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

blank
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні және белгілері», «Діни экстремизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер», ««Діни және құқықтық сауаттылық – адасудан қорғайды», «Қазақстан -зайырлы мемлекет», «Деструктивті жалған діни ұйымдардың қаупі», «Қауіпті ақпарат көздерінен қорғану: Медиагигена мәселесі» және т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, спортшылар, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.