Қостанайда Байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында сала мамандары мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, байланыс саласының дамуына қосқан үлестері ерекше аталып өтті.
Іс-шара барысында Қостанай облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев байланыс саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі цифрландыру, байланыс және мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды.

Салтанатты кеште өз ісіне адалдық танытып жүрген үздік мамандар мен сала ардагерлері марапатталып, көпшілік қошеметіне бөленді. Сонымен қатар мерекелік концерт ұйымдастырылып, ардагерлерге гүл шоқтары табысталды.

Мазмұнды шара байланыс саласы мамандарының еңбегіне деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.
БОТА МАНЕТ
