Денисов ауданындағы референдум учаскесінде тегін медициналық қызмет ұсынылуда

Денисов ауданындағы референдум учаскесінде тегін медициналық қызмет ұсынылуда

Денисов ауданындағы референдум учаскелеріне тұрғындар көптеп келуде. Бір ерекшелігі – аудандағы 23 референдум учаскесінің бәрінде дауыс берушілер үшін кейбір медициналық қызметтер тегін ұйымдастырылған. Қарт кісілер қан қысымдарын өлшетіп, алғашқы көмек алуда.

Аудан бойынша 15 389 тұрғын бар. Соның шамамен 10 889-ы дауыс беру құқығына ие. Бүгін сағат 7.00-де барлығы референдум учаскесі есігін ашып, тұрғындар таңдау жасауға ағыла бастады. Мәселен, №345 учаскеде келушілерді білікті дәрігерлер қарсы алуда.

blank blank blank blank

Сондай-ақ барлық референдум учаскелері қажетті жабдықтармен: жасырын дауыс беру кабиналарымен, бюллетеньдерге арналған жәшіктермен, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен және әрбір азамат өз қалауы бойынша жаңа Конституция жобасымен таныса алатын ақпараттық стендтермен жабдықталған.

Қымбат ДОСЖАНОВА