Науырзым ауданында жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтуде

Науырзым ауданында жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтуде

Науырзым ауданында жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтуде. Аудан бойынша 15 референдум учаскесі мен 1 аудандық референдум комиссиясы өз жұмысын бастады. Ауданда барлығы 4151 азамат дауыс беру құқығына ие.
Референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де ашылып, дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

blank

Аудан тұрғыны Айнагүл Вовченко өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытты.

– Бүгін өте маңызды күн. Әр азамат ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын, – дейді ол.

Ал Шолақсай ауылында алғашқылардың бірі болып келіп дауыс берген тұрғын – Гүлнар Турмышева.

blank

– Бүгінгі референдум – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын. Сондықтан таңертең ерте келіп дауыс бердім. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Елдің дамуы мен тұрақтылығы әрқайсымыздың белсенділігімізге байланысты, – дейді Шолақсай ауылының тұрғыны.

Алғашқылардың бірі болып дауыс бергені үшін Гүлнар Турмышеваға естелік сыйлық табысталды.

Суреттерді түсірген
Жібек МЫРЗАҒАЛИ