Бақылаушы: «Дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өтуде»

Бақылаушы: «Дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өтуде»

Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдум өтуде. Учаскелерлерде бақылаушылар саяси науқанның әділ өтуін жіті назарда ұстап отыр.

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Ол елдің мемлекеттік құрылымының басты қағидаттарын айқындап, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Сондықтан да бүгінгі референдум қоғамдық-саяси тұрғыдан ерекше маңызға ие.
Сайлау учаскелерінде дауыс берудің еркін, жасырын және ашық өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Учаскелік сайлау комиссиялары заң талаптарына сәйкес жұмыс істеп, ашықтық, заңдылық және азаматтардың тең құқықтылығы қағидаттарын сақтауда.
Дауыс беру процесін бақылаушылар қадағалап отырған бақылаушылардың бірі – «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының мүшесі Динара Тұрлыбаева. Оған жүктелген міндет – референдум заңнамасының сақталуын және азаматтардың құқықтарының толық қамтамасыз етілуін бақылау.
– Мен бұл учаскеде бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Біздің міндетіміз – сайлау заңнамасының сақталуын, дауыс беру рәсімдерінің ашықтығын және азаматтардың құқықтарының қорғалуын бақылау. Бақылау жұмысы ашық әрі объективті түрде, қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі. Бақылаушылар дауыс беру процесіне араласпайды, тек белгіленген талаптардың сақталуын тіркейді. Учаскеде әр азаматтың еркін әрі жасырын дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Комиссия заң талаптарына сәйкес жұмыс істеп, ашықтық, заңдылық және азаматтардың тең құқықтылығы қағидаттарын сақтауда, – деді «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының мүшесі Динара Тұрлыбаева.