Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы референдумда өз таңдауын жасады

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы референдумда өз таңдауын жасады

Бүгін, 2026 жылғы 15 наурызда облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері ашылып, азаматтар өз таңдауларын жасауда.

«Референдум Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Бұған дейін, 2026 жылғы 12 наурызда өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өткен еді. Осыған орай, референдум – халықтың елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысуының бір көрінісі», – деп пікір білдірді облыстық мәслихат төрағасы.