Амангелді ауданы тұрғындары республикалық референдумға белсенді қатысып жатыр. Аудан бойынша 27 дауыс беру учаскесі ашылған, олардың әрқайсысы заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін байқаушылар мен БАҚ өкілдері тартылған. Бұл туралы Амангелді ауданның аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Айнұр Ибраева айтып берді.
– Амангелді ауданы бойынша дауыс беру учаскелерінің саны қанша?
– Амангелді ауданы бойынша республикалық референдумды өткізу үшін барлығы 27 дауыс беру учаскесі құрылған. Барлық учаскелер белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеп, дауыс беруге қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген.
– Аудан тұрғындарының референдумға қатысу белсенділігі туралы айтып өтсеңіз?
– Амангелді ауданы тұрғындары референдумға белсенді қатысуда. Дауыс беру учаскелеріне келіп өз таңдауларын білдіріп жатқан азаматтардың саны тұрақты түрде артып келеді.
Бұл аудан тұрғындарының елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
– Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін қандай бақылау тетіктері қарастырылған?
– Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында учаскелерде байқаушылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс істеуде. Барлық процесс қолданыстағызаңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Аяқбаян ТЕМІРЖАНОВА
Амангелді ауданы
