Қостанай қаласындағы №3 референдум учаскесіне келген тұрғындардың бірі Борангүл Жүсіпова өз туған күнінде дауыс берді. Биыл ол 69 жасқа толып отыр.
Борангүл Жүсіпова Қостанай қаласындағы №2 емханада кіші санитарлық қызметкер болып еңбек етеді. Бұл салада 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол – өнегелі ана, үш баласы мен үш немересі бар.
Айтуынша, туған күнінің референдум күнімен тұспа-тұс келуі – ерекше жағдай. Соған қарамастан, ол азаматтық парызын орындауды маңызды деп санайды.

— Бүгін менің туған күнім. 69 жасқа толып жатырмын. Туған күнімнің референдум күнімен сәйкес келуі бір жағынан қызық та. Бірақ соған қарамастан, өз дауысымды беруге келдім. Мұны әр азаматтың міндеті деп есептеймін. Әр дауыс маңызды деп ойлаймын, — дейді Борангүл Жүсіпова.
№3 референдум учаскесінде дауыс беру процесі қалыпты режимде өтіп жатыр. Учаскеге келіп жатқан тұрғындардың белсенділігі де байқалады.
Шұға Қоңқабай
