Шахматтан қалалық чемпионатта қос бірдей алтын

Шахматтан қалалық чемпионатта қос бірдей алтын

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары шахматтан қалалық чемпионатта топ жарды.

9-сынып оқушысы Рамзан  Байдәулетов 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында рапид шахматтан Қостанай қаласының чемпионатында І орын иеленді.

7-сынып оқушысы Әләзиз Смағұлов  14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында І орын алып, жоғары шеберлігін дәлелдеді.

Бұл жетістіктер – тынымсыз еңбектің, зейін мен стратегиялық ойлаудың айқын нәтижесі.

Жас шахматшыларымызға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!