Жаңа Конситуцияның басты мақсаты – әрбір азаматтың қадір-қасиетін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету. Конституция жобасын дайындау үдерісі ашық әрі жария түрде ұйымдастырылып, құжат ел аумағында еңбек ұжымдары мен азаматтар арасында кеңінен талқылануда.
Білім, ғылым және инновация алғаш рет конституциялық деңгейде мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде айқындалды. Бұл – елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Конституцияда бекітілген ел тұтастығы, адам құқықтары мен бостандықтары, әділеттілік пен заң үстемдігі қағидаттары мемлекет дамуының берік негізін қалыптастырады.
Жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың дамуы еліміздің жаңа кезеңге қадам басқанын айғақтайды. Әрқайсымыз түрлі салада еңбек етсек те, баршамыздың мақсат-мүддеміз ортақ – еліміздің өркендеуі мен тұрақты дамуы.
Алдағы референдум еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, болашақ бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды қадам болмақ. Сондықтан баршаңызды жаңа Конституцияны қолдап, 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Әрқайсымыз саналы түрде таңдау жасап, дауыс беру арқылы еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Жанар Шалабаева,
Жангелдин аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі
