Бұл құжат Қазақстанның болашағын айқындайтын, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты нығайтатын негізгі заң болмақ. Онда мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне бағытталған басты қағидаттар қамтылған.
Қуантатыны – жаңа Конституцияны қоғамның түрлі саласындағы азаматтар, жастар, белсенді тұлғалар қолдап отыр. Бұл – бәріміздің ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында бірігіп отырғанымыздың дәлелі.
Спорт саласында жүрген адам ретінде, жаңа жобада спорт пен салауатты өмір салтына ерекше мән берілгенін маңызды деп санаймын. Денсаулығы мықты ұлт – қуатты мемлекеттің негізі. Спортшылар мен жаттықтырушыларға көрсетілетін қолдау алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін.
Сондықтан Жаңа Конституция жобасын қолдаймын. Бұл – еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадам!
Гүлсім Әбенова,
жалпыұлттық коалиция мүшесі
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң,
#15наурыз
АтаЗаңдықолдау
