«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды: жас буын цифрлық әлемнің жаңа трендтерін игеруде

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды: жас буын цифрлық әлемнің жаңа трендтерін игеруде

Бүгін Қостанай қаласының «IQostanay» орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру жылы аясында ауыл жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Auyl Jastary» республикалық семинары өз жұмысын бастады.

«Ауыл» партиясы ұйымдастырған бұл іс-шара ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты жойып, жаңа буын мамандарының технологиялық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуды көздейді. Семинардың мазмұны тек технологиямен шектелмей, еліміздегі Конституциялық реформалардың маңызына да бағытталды. Жаңа құқықтық архитектура аясында жастардың мемлекеттік басқару мен реформаларды іске асырудағы белсенділігі саяси сауаттылықты арттырудың негізгі факторы ретінде қаралды. Семинардың ресми бөлімін «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали ашты. Өз сөзінде ол елімізде жүріп жатқан ауқымды саяси жаңғыруларға тоқталып, Конституциялық реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан Конституциялық реформалар «Әділетті Қазақстанды» құрудың берік құқықтық негізі болды. Бұл өзгерістер тек заңнамалық жаңарту емес, бұл — азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласуына жол ашқан жаңа саяси мәдениеттің бастауы. Бүгінгі цифрлық дәуірде жастар осы реформалардың басты қозғаушы күші әрі белсенді қатысушысы болуға тиіс», — деді Ғ. Құсманғали.

blankЖиынның ең маңызды сәті — қатысушы ауыл жастары мен партия белсенділері еліміздегі Конституциялық реформаларды бір ауыздан қолдайтындарын мәлімдеді. Жастар бұл реформаны жаңа мүмкіндіктер мен демократиялық дамудың кепілі ретінде бағалап, «Әділетті Қазақстан» құру жолында белсенділік танытуға дайын екендіктерін жеткізді. Жиын барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен партияның өңірлік филиал төрағасы Н. Өтеулин қатысушыларға сәттілік тілеп, қоғамдық жұмыста үздік шыққан бірқатар жастарды марапаттады.blank Жиынның ерекше форматы ретінде жасанды интеллект өкілі — AiBatyr-дың алғы сөзі қатысушыларға цифрлық технологияның шынайы мүмкіндіктерін паш етті. Семинардың сарапшылық блогында келесі мәселелер талқыланды: Дамир Мінайдаров пен Наталия Абрамова жасанды интеллектінің күнделікті өмір мен кәсіпке әкелер пайдасын практикалық тұрғыда көрсетті. Әлия Оразымбетова интернеттегі жеке деректерді қорғау және кибергигиена мәдениеті туралы дәріс оқыса, Эдгар Володькин цифрладыру үдерісіндегі заманауи ЖИ технологиялардың рөлін сараптады.blank