Амангелдіде әкелер форумы қайта жанданды

Амангелдіде әкелер форумы қайта жанданды

Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты дамыту мақсатында Амангелді ауданына қарасты Есір ауылындағы Нұрғали Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Әке жолы – ұрпаққа мұра» атты әкелер форумы ұйымдастырылды.

Форум екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, табиғат аясында әкелер мен балалардың бірлескен демалысы ұйымдастырылды.

Әке мен бала арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған балық аулау сайысы да өтіп, бұл күн қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

blank

Форумның екінші күні ресми бөліммен жалғасты. Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Қойшыбаев Ербол Әбілғазыұлы құттықтау сөз сөйлеп, әкелердің отбасындағы орны мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің маңыздылығына тоқталды.

blank blank blank blank

Негізгі баяндаманы әкелер клубының мүшесі Ізтілеуов Балтасар Тұрысбекұлы жасап, әкенің тәрбиелік рөлі, ұрпаққа үлгі боларлық өмірлік құндылықтар жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті.

blank

Сонымен қатар форум аясында концерттік бағдарлама ұсынылып, шараға белсенді қатысқан әкелер арнайы марапаттарға ие болды.

Аталған әкелер форумы ата-аналар мен білім беру ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызын арттыруға оң ықпал етті.