Арқалықтықтар Халық қалаулысын таңдап жатыр 

Арқалықтықтар Халық қалаулысын таңдап жатыр 

Арқалық қаласындағы №106 сайлау учаскесінде 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, №7 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Арқалық қалалық мәслихатынан шығып қалған депутаттың орнына сайлау жүріп жатыр.

blank

Сайлау белгіленген уақытқа сай таңертеңгілік ертелетіп учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының сайлау туралы ережелерін басшылыққа алып, комиссия құрамы және бақылаушыларды таныстыруымен, еліміздің Әнұранының орындалуымен бастау алды.

blank

«Арқалық қалалық мәслихатының сайлауын өткізіп жатырмыз. Біздің жұмысымыз тура белгілінген мерзімінде басталды. Негізгі жұмыс — барлық тәртібін сақтай отырып жүргізілу үстінде», –дейді қаладағы А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназия ғимаратында орналасқан №106 сайлау учаскесінің төрағасы Серікбай Ешімғалиев.

Сайлау комиссиясына екі мыңға жуық сайлаушы тіркелген.

blank

Комиссия құрамында 7 адам жұмыс істейді.

«Сайлау науқаны басталғалы бері тізімді анықтап, сайлаушыларға шақыру қағаздарын үлестіріп, үйде дауыс беретін санаттағы кісілермен де тиісті іс-шараларымызды атқарып жатырмыз»,-дейді комиссия төрағасы.

Учаскеге тиесілі мекен – жайлардан келіп сайлауға қатысушылар саны сәт сайын арта түсуде. Алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға әдеттегідей сыйлық та берілді.

blankСайлауға Абай көшесі 110 және Абай көшесі 84 үй тұрғындары белсенділік танытуда.

 

Фазылхан Үсенов,

сайлаушы:

blank

 «Жасым 85- ке таяды. Сайлауға өзімнің азаматтық позициямды ұстау үшін қатысамын. Елімнің ертеңіне, балаларымның, немерелерімнің болашағы үшін даусымды беремін»

Гүлзейнеп Біркенова,

сайлаушы:

«Елдің, халықтың болашағы үшін таңдау жасаймыз. Азаматтарға мол сенім артып, алдан тек жақсы күндерді күтеміз».

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

 

   Арқалық қаласы