Республикада «2000 мектеп» акциясы жалғасып жатыр

Республикада «2000 мектеп» акциясы жалғасып жатыр

Қостанай облысының мектеп оқушылары жол-құрылыс саласына жақын бола түсті. Жыл басынан бері «2000 мектеп» акциясы аясында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» өңірлік филиалының ұжымы олармен кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, дәрістер оқып, ақпараттық-түсіндіру бейнероликтерін көрсетті.

«2000 мектеп» акциясы еліміздің жол-құрылыс саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Акцияның басты міндеті – болашақ талапкерлерге жол саласының негізгі бағыттарын түсіндіру, осы саладағы жұмыстың артықшылықтары мен перспективаларын сипаттау, мамандықтар мен оқу орындары туралы хабардар ету, сондай-ақ оқушыларды қызықтыратын сұрақтарына жауап беру.

«Қазір біз оқушыларға жол-құрылыс саласы туралы бәрін түсіндіріп, автожолшы болуға шақырамыз. Орта арнаулы немесе жоғары білімді қайдан алуға болады, жалақы мен мансаптық өсу туралы ақпарат береміз. Ауыл мектептеріне басты назар аударылады. Біз оқушылардың біздің салада жұмыс істеуге деген қызығушылығын оятқымыз келеді. Бар ақпаратты ой-елегінен өткізуге мүмкіндік беріп, барлық қажетті ақпаратты ұсынамыз, тәжірибелі жолшылар бұл мамандықты қалай таңдағандарын айтады. Бұл оқушыларға саналы түрде жолшы мамандығын таңдауға, өз бағытын анықтауға, колледж немесе ЖОО таңдауға жағдай жасағымыз келеді», – деді филиал директоры Абылайхан Алшынбаев.

Жыл басынан бері жолшылар мектеп оқушыларымен онлайн және офлайн форматта кездесіп, өз зертханаларында ашық есік күнін жүйелі түрде өткізуде.