Биыл «Ауыл – ел бесігі!» бағдарламасы аясында Александрополь, Приозерное, Жаркөл, Копыченка ауылдарындағы бірқатар және Федоров кентіндегі Гоголь, Красноармейская, Набережная, Фрунзе, Пушкин көшелері жөнделген.
Бұл жобалардың кейбірі екі жылға созылмақ. Яғни, кей көше жолдарын жөндеу келесі жылы да жалғасады. 2024 жылы 73,5 млн теңге бюджет қаражаты игерілген. Қазірдің өзінде Пушкин, Набережная көшесімен қиылысатын Шевченко көшесінен “елді мекеннен шығу” белгісіне дейінгі аралықты орташа жөндеу үшін шарт жасалды. Ол 2025 жылдың көктемінде басталады.
“Шымкент қаласының “Элит Строй МКК” ЖШС мердігерлік ұйымымен “Ауыл– ел бесігі” бағдарламасы аясында Копыченка ауылындағы Луговая көшесінің жолын орташа жөндеу шартының талаптарын орындамауына байланысты сот талқылауы жүріп жатыр. Осындай келеңсіз жағлайға қарамастан, биыл көше жолдарын өалыпқа келтіруде біраз жұмыс еңсерілді”, –дейді Федоров ауылдық округінің әкімі Болат Бақытжанов.
Толығырақ газеттен оқи аласыздар.
Әлібек ЫБЫРАЙ