Алыстағы ауылға көп балалы қандас қалай қоныс аударды?

Алыстағы ауылға көп балалы қандас қалай қоныс аударды?

Өзбекстаннан жақында қоныс аударған қандас бауырларымыз облыс көлеміндегі көптеген қала, ауылдарға барып, қоныстанып жатыр. Ал көпбалалы Раиса Қаюпова Науырзым ауданындағы Шилі ауылына тоқтады.

Ауылға келген көшті шиліліктер шын ниетпен қарсы алып, ауыл әкімі Гүлнар Бірмағамбетова Рудныйға барып тұрып, алып келген.

“Сырттан көпбалалы отбасылар ауылымызға көшіп келіп, ортамызды толтырып жатса, қуанып қаламыз. Бастысы, мектеп жабылып қалмаса екен дейміз”, – дейді ауыл әкімі Гүлнар Бірмағамбетова.

Шилі ауылында жаңа өмір бастаған Раиса Қаюпова жергілікті тұрғындармен жақсы қарым-қатынас орнатып, тірлікке араласып, алдағы уақытта да осы жерге сіңіп кетуге ниетті. Балаларының алды тұрмыс құрыпты. Одан кейінгі үшеуі мектеп жасында, кенжесі балабақшаға барып жүр. Ал өзі дайын тұрған жұмысқа кіріп, орналасқан.

Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу