Дәстүрлі форум эстафетасы ақтөбеліктерге табысталды

Дәстүрлі форум эстафетасы ақтөбеліктерге табысталды

Асыл жандардың тәрбиесін дәріптейтін «Асыл әже» форумы түркі елінің бесігі саналған Түркістаннан бастау алып, Қазақстанның өзге де өңірлерінде жалғасын тауып, біраз өңірлерді аралады. Киелі Қостанай жері де бұл бастаманы жалғап, эстафетаны Петропавл облысынан қабылдап алып, салтанатты жағдайда Ақтөбе облысына жолдады.

Форумға Ақтөбе облысынан арнайы ат басын тіреп мәртебелі меймандар да келді.

Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Батырбек Ахметов жыл басынан бері атқарылған іс-шараларға тоқталып, олардың мән-маңызын да атап өтті.

  «Түркістаннан Жамбылға жеткен «Аялы әже» мүсін-таңбасы Алматы мен Астана қалаларынан және 8 облыстан кейін бізге де жетті. 2024 жылдың 30 қазанында Солтүстік Қазақстан облысынан «Аялы әже» мүсін-таңбасын Қостанай облысы ардагерлер кеңесіне алып келдік. «Әжелер алқасы» ережесі, өз қызметін ұрпақтар сабақтастығын жан-жақты қамтамасыз етуді, түрлі буындарды, әсіресе жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді көздей отырып, тәрбиенің қайнар көзі – отбасы екенін алға қояды. Бала тәрбиенің алғашқы бастамасын отбасында алады, онда адамгершілік негізі қалыптасады. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін салт дәстүрлер мен асыл мұратқа баулу отбасында іске асырылады», – деді облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы.

Батырбек Ахметов эстафетаны Серік Тілеулесұлы бастап келген Ақтөбе облысының арнайы делегация мүшелеріне табыстады.

Айтолқын Айқадамова

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

 

Жаңалықтармен бөлісу