Баршаңызға мәлім, 19 наурыз күні елімізде үлкен дода – Парламент Мәжілісі, облыс және аудан мәслихаттарыныңың депутаттарын сайлау өтеді. Бұл сайлау саяси бәсекелестік аясында өткелі тұр. Әсіресе, жастар арасында депутаттыққа өзін-өзі ұсыну көрсеткіші жоғары. Бұл халықтың сайлауға деген сенімі мен жоғары көзқарасының белгісі.
Бүгінде халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасып келе жатқанын, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнағанын да байқауға болады. Халық жаңадан сайланатын депутаттардан үлкен үміт күтіп отыр. Өйткені, Жаңа Қазақстанға жаңа бетбұрыс қажет. Сондықтан депутаттыққа елім деп соққан жүрегі бар іскер, ұлтжанды, адал, жаңашыл азаматтардың өтуін халық тілеп отыр.
Тіркелген кандидаттар ел игілігі үшін жаңа жобалар мен жоспар құрылып, сайлауалды бағдарламаларын жасап, халыққа таныстыруда. Бұл мемлекетіміздің ел болашағына немқұрайлы қарамайтынының айғағы. Сол себепті бұл сайлаудың халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бұл оқиға жаңа белестерді бағындырудағы көпір іспетті. Сондықтан барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болашағы үшін қызмет ететін лайықты деп таныған қандидаттар өтіп, еліміздің дамуына серпіліс болары анық.
Осы орайда баршаңызды сайлауға қатысып, өздеріңіз қалаған кандидатқа дауыс беруге шақырамын. Әрине, болашақ әрқайсымыздың қолымызда. Немқұрайды қарамай, өз таңдауымызды жасайық!
Сайлау әділ өтіп, халықтың мүддесін ойлайтын, билік пен халықтың арасын байланыстыратын, аудан бюджетінің нақты әлеуметтік мәселелерін шешуге бақылау жасайтын білімді, білікті депутатты көргім келеді!
Гүлбаршын СМАЙЛОВА,
аудандық «Аманкелді арайы»
газетінің редакторы.