Болашағымызға үн қосайық!

Болашағымызға үн қосайық!

Баршаңыз білесіздер, 2023 жылы 19 наурызда елімізде үлкен сайлау өтпекші. Бұл күн – ерекше тарихи маңызға ие болмақ. Себебі, ел тарихында жаңадан халық қалаулыларын сайлағалы отырмыз. Бұл сайлаудың қазақ еліне тиігізер пайдасы зор деп есептеймін.

Біз бүгінгі таңда Әділетті Қазақстан құрмақшымыз. Сайлаудың мақсаты – қызметте беделді, абыройлы, елге еңбегі сіңген азаматтарды билікке әкелу. Сайлауға жеті бірдей партия қатысқалы жатыр. Бұндай сайлау елімізде бұрын-соңды болмаған. Мұның бәрі елдің болашағы үшін жасалып жатқан іс.
Біз өткен жылы Президентімізді сайладық. Конституцияға өзгерістер енгіздік.Сенатты жаңа тізіммен қайта сайладық. Бұның бәрі- қазақстанның жаңа қадамға басқанының көрінісі.
Біз тарих үшін қас қағым сәтте тәуелсіз мемлекет құрған іргелі елміз. Жаңа мемлекет құру оңай емес екені белгілі. Келешекте қазақ елі үшін мұнан да зор мүмкіндіктер болғалы тұр. Бұл сайлаудан менің күтетінім жаңашылдық, адалдық, Байлығымыз – еліміздің бірлігі, жеріміздің кеңдігі.
Сайлау нәтижесінде – халықтың еркін, молшылықта өмір сүруіне жағдай жасалады деген сенімдемін. Ата заңымызда айқындалған құқымызды пайдаланып, бәріңізді сайлау күні дауыс беруге үндеймін.

Сағидолла Байкенжин,
Арқалық өңірлік архивінің басшысы

Жаңалықтармен бөлісу