Қадірлі отандастар! Еліміздің болашағы бәрімізді толғандырады. Біздің болашағымыз – бүгінгі жас ұрпақ. Біз олардың алдағы өмірлері жарқын болса екен деп армандаймыз.
2023 жылдың 19 наурыз күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын сайлағалы отырмыз. Сайлауға бәріміз бірдей қатысып,өз таңдауымызды жасап, үміт артқан кандидаттарымызға даусымызды берейік. Еліміз, жеріміз, қаламыз дамып, экономикасы көтеріліп, жастардың білім алып, еңбек етуіне бүгінгіден де қолайлы жағдай жасалады деп ойлаймын.
Қазақстан – зайырлы, құқықты мемлекет. Елімізде әрбір азаматтың дамып, жетілуіне мүмкіндік берілген. Әркім өзінің қарым-қабілетін көрсетуге тең құқылы.
Біз бұл сайлауды өткізу арқылы жас әрі белсенді депутаттармен жабдықталған үкіметіміз жұмысын қарқынды да сапалы атқарады, халықтың ойынан, арманынан шығады деп үміттенеміз. Өзіміздің таңдаған депутаттарымызға сенейік. Қадамдары сәтті, істері жемісті болсын!
Бақытжамал Қалтаева,
Арқалық қалалық «Аналар кеңесінің» төрағасы