Әне-міне дегенше бірер күнде ел тарихында елеулі оқиға болмақ. 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы тек саяси науқан емес, мемлекет тағдырына тікелей әсер ететін маңызды оқиға.
Қоғам тынысын аңдасақ, дүйім ел кезекті сайлаудан тың леп, соны серпін күтіп отырғандай. Бұл сайлаудың жөні де, жосығы да бұрынғы сайлаулардан өзгерек деген сарындағы пікірлер жоғарыдағы сөзімізді қуаттай түседі. Мұның себебі де жоқ емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау туралы заңға биыл елеулі өзгерістер енгізіліп, 6 ай бұрын елге хабарланды. Міне, кезектен тыс сайлауға түсуге ынталы жандар, өз кандидатураларын ұсынып, ортадан оза шығып, халықпен кездесулерін өткізуде. Аймағымызға жұрт сенімін ақтайтын азаматтар осы сайлауда жеңеді деп сенімдіміз. Осы сайлауда жеңген депуттарымыз еліміздің дамуына, жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек ететіне үміт артамыз.
Еліміздің әр тұрғынын бір кісідей сайлауға қатысып, тарихи оқиғаның куәгеріболып, дауыс беруге шақырамын!
Хасенғали КАМАЛОВ,
ақын,
Науырзым ауданының құрметті азаматы.