Бизнестен әлеуметке көмек

Бизнестен әлеуметке көмек

Ұзынкөл ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу және жаңғыртуға биыл 770 млн теңгеден астам жеке қаражат бағыттаған. Бұл қаржы сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, мәдениет және спорт нысандарын жаңартуға жұмсалып отыр.

Бұл туралы аудан басшысы Марат Жұрқабаев тұрғындармен кездесу барысында баяндады.

Ауданның әлеуметтік саласындағы жұмыстар жалғасын табуда. Биыл төрт мектепке 62 млн теңгеден астам қаражатқа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, тағы үш мектепті бейімдеу жұмыстарына 24,5 млн теңге бөлінді. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңа кабинеттермен толықтырылды.

«Денсаулық сақтау саласында медициналық жабдықтарды жаңартуға 94,3 млн теңге бағытталды. Нәтижесінде хирургиялық, травматологиялық және гинекологиялық бағыттар бойынша ем қабылдаған пациенттер саны 2025 жылғы 143 адамнан биыл 408 адамға дейін өсті. Сонымен қатар Ұзынкөл аудандық ауруханасын жаңғырту жобасы қолға алынды. Оның жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды», – деді М.Жұрқабаев.

blank

Ауданда 80 спорт нысаны жұмыс істейді. Тұрғындардың 46,5 пайызы дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Ершов ауылдық округінде «Ершовское-2» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен 110 млн теңгеден астам сомаға спорт залының құрылысы аяқталды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ