«7-20-25» бағдарламасына 2027 жылы қанша қаражат бөлінеді?

«7-20-25» бағдарламасына 2027 жылы қанша қаражат бөлінеді?

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру лимиті 2027 жылға 100 млрд теңге болып белгіленді. Қаражат әр тоқсан сайын 25 млрд теңгеден аспайтын көлемде бөлінеді. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алайда қаражат банктерге тікелей аударылмайды. Алдымен екінші деңгейлі банктер азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие береді. Кейін қоры тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын екінші деңгейлі банктерден сатып алады.

«Көрсетілген қаражат Қазақстанның орнықтылық қорының екінші деңгейлі банктерден бағдарлама аясында 2027 жылы берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алуына көзделген. Бағдарлама операторы саналатын Қор белгіленген лимит шегінде оның талаптарына сәйкес келетін несиелерді сатып алады. Банктер ипотекалық кредиттерді өздері береді, содан кейін қор сол несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алады. Банктерді алдын ала қаржыландыру қарастырылмаған», делінген хабарламада.

Қор мәліметінше, бағдарлама іске қосылған 2018 жылдан бері 87 мыңнан астам ипотекалық несие берілген. Олардың жалпы сомасы 1,26 трлн теңгеден асады.