Ұрпақтарды тоғыстырған тарих

Ұрпақтарды тоғыстырған тарих

Денисов ауданында Қазақстан тарихын кеңінен насихаттауға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ тұрғындардың, әсіресе жастардың мемлекеттік тіл мен туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Қазақстан тарихы күні» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып келеді. Жобаның тапсырыс берушісі — «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, ал өнім беруші — «Келешек 2050» қоғамдық қоры.

Жобаның басты ерекшелігі — түрлі форматтардың үйлесім табуы. Оның аясында қоғамдық тыңдаулар, тарихи квест, интерактивті дәрістер, зияткерлік викторина, пікірсайыстар, қысқа бейнероликтер байқауы және ұлттық мәдениетке арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұндай тәсіл тарихты дәстүрлі дәріс түрінде ғана емес, ойын, пікірталас, командалық жұмыс және заманауи цифрлық форматтар арқылы танып-білуге мүмкіндік береді.