Байланыс саласының тынысы көзге көрінбейтін, бірақ қоғам өмірінің барлық буынын жалғап тұрған маңызды жүйе. Бір қоңыраудың үзіліссіз жетуі, интернеттің тұрақты жұмыс істеуі, шалғай ауылдағы тұрғынның қаладағы жақынымен тілдесуі мұның бәрінің артында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мамандардың еңбегі бар.
Ақтаудағы төтенше жағдай: төтенше оқиғаға жедел әрекет ету
Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға 14 әскери қызметшінің өмірін қиды. Алайда мұндай жағдайда болған оқиғаның себептерін анықтау ғана маңызды емес.
Оқиғаға қатысты жаңа дерек: бірқатар лауазымды тұлға күдікке ілінді
Оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалып, әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Өрісі кеңейген өңір: Амангелді ауданының даму көрсеткіштері жария етілді
Амангелді ауданы алға адымдап келеді. Ауқымды жобалар, жемісті бастамалар өңір өрісін кеңейте түскен. Ауыл шаруашылығы алға жылжып, кәсіпкерлік қанат жайып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңарып келеді. Ендігі міндет – қолға алынған жобаларды соңына жеткізіп, аудан әлеуетін одан әрі арттыру.
Қайғылы оқиға: Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің барлығы табылды
Бүгін сағат 09:15-те үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қаза тапқан қалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша, оқиға орнындағы іздестіру жұмыстары толық аяқталды.
Маңғыстау әкімдігі: Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек ресми қор арқылы қабылданады
Маңғыстау облысында әскери міндеттерін орындау кезінде Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету үшін облыс әкімдігі бірыңғай операторды белгіледі.
Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы: жауапты лауазымды тұлғалар анықталды
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді
Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық бастамасына еліміздің өңірлерінің бизнес өкілдері болып табылатын Кеңестің 17 мүшесі қосылды.
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде
24 қыркүйек күні сағат 22:30-да Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған Үкіметтік комиссияның отырысы өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының қолдауын ерекше бағалайды»
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді
