Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Отандық ғалымдар дронның көмегімен егістікті қорғау технологиясын ойлап тапты
BioDrop деп аталатын бұл технология жұмыс жүргізу уақытын 4–6 есеге қысқартып, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың биологиялық тиімділігін арттырып отырған көрінеді.
Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр – Президент Тоқаев
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас қазіргі таңда бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Астана Бейжіңмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде нығайтуға, оны жаңа мазмұнмен толықтырып, ынтымақтастыққа жаңа жол ашуға әзір. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне берген жазбаша сұхбатында осылай деді.
Дәрігерге 60 күн бұрын жазылуға болады
Енді азаматтар дәрігер қабылдауына өз бетінше алдын ала жазыла алады. Егер бұған дейін қабылдау кестелері негізінен екі аптаға ашылса, қазір 60 күнге дейін алдын ала жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Әскерге шақыру науқаны цифрландырылды
ҚР Қорғаныс министрлігі бүгінде әскерге шақыру процесі бұрынғыдай қағазбастылыққа тәуелді емес екенін хабарлады.
Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігіне берілген жоғары баға
Қазақстан бүгінде авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық талаптарды орындау бойынша жоғары көрсеткішке ие елдердің қатарында.
Торғай даласындағы кертағылар құлындады
Торғай даласына жерсіндірілген кертағының тұқымы көбейе түсті. Екі бие жақында ғана өмірге ақ танау құлындар әкелді. Қазір төлдердің де, енелерінің де жағдайы үздіксіз бақыланып отыр.
Қостанайда «Осьминог» аквапаркі ресми түрде ашылды
Бұл – елімізде теңдесі жоқ, бір мезетте 500 адамды қабылдауға қаухарлы жабық аквопарк кешені. Жалпы аумағы екі есеге ұлғайып 9 мың шаршы метрден, ал су айдынының көлемі 1 мың шаршы метрден астам. Бес бассейн, жеті су сырғанағы, балалар аймағы, толқынды бассейн, джакузи және фуд-корт бар.
Қазақстанда жол саласының бірыңғай цифрлық экожүйесі қалыптасып келеді
E-Joldar платформасы автомобиль жолдары, олардың құрылысы мен жөндеуі, қолданылған материалдар, зертханалық сынақтар, жол бойындағы инфрақұрылым және азаматтардың өтініштері туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіреді.
Амангелді ауданында білім саласын қаржыландыру арта түсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім сапасын арттыруға, педагог мәртебесін көтеруге және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағытта Амангелді ауданында да білім беру саласын дамытуға басымдық беріліп, нақты әрі жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
