Арқалық өңірлік штабы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілетіні жөнінде халықпен кездесіп, нақты әрі жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Министр мансап орталығының жұмысын сынға алды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өңірде болған екінші күнінде Қостанайдағы бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты.
Саяжай қоғамдарындағы ахуал ауыр
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұратын халықтың жай-күйімен танысып, қалау-тілектерін тыңдап, қолдау шаралары туралы ақпарат беру процесі белсенді жүріп жатыр. Бүгін қалалық Ардагерлер кеңесі жанынан ұйымдастырылған штаб мүшелері Тобыл жағалауындағы саяжай қоғамдарын аралап шықты.
Қамыстыдан шыққан белгілі ғалым жастарды туған жерге келіп еңбек етуге шақырды
Бүгін Тобыл төрінде алғаш рет қамыстылықтардың басын біріктірген ауқымды форум өтті. Іс-шара басталмай барғанымызда бұрын осы жерде еңбек жолын бастап, кейін еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген ел азаматтары бірін-бірі көріп, қауқылдасып жатыр.
Жағалай тасқын, бірақ ауылда су жоқ. Әйелдер қауымы шағым айтты
Алтын дала ауылының аналары ашулы. Өйткені екі аптадан бері ауылда су жоқ. Ауыл тұрғындары редакциямызға хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтап беруді өтінді.
Рудный қаласында өрт шықты. Бір адам қаза тапты
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жеке тұрғын үйде 60 шаршы метр аумақты жалын шарпығанын анықтады. Құтқарушылар үш газ баллонын алып шығып, үлкен жарылыстың алдын алды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заң – қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам
2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды.
Ақшығанақтық ағайын да алаңдаулы
Жанкелдин ауданында тасқын судан қатты жапа шеккен ауылдың бірі Түйемойнақ елді мекені.
Қостанайда полицейлер желікпе мотоцикл жүргізушісін ұстады
Оны тоқтату үшін бірнеше патрульдік наряд жұмылдырылды. 17 жастағы жүргізуші орталық көпірде ұсталды. Облыстық полиция департаментінде болған оқиғаның мән-жайы айтылды. 19 сәуірде түн ортасында қала орталығындағы Орталық әмбебап дүкен маңында патрульдік полиция қатты дыбыстар шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған мотоцикл жүргізушісін байқады. Полицейлердің ескертулерінен кейін ол тұрған жерінен қашып, әкімдік алаңы мен қала орталығына бағыт алды. […]
Торғайға жол ашылды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әулиекөл – Жалдама тас жолының бойындағы көпірдің апат жағдайына байланысты Дәмді өзені арқылы балама жол салынып жатыр.