Торғайға жол ашылды

Торғайға жол ашылды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әулиекөл – Жалдама тас жолының бойындағы көпірдің апат жағдайына байланысты Дәмді өзені арқылы балама жол салынып жатыр.

Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев толығырақ түсініктеме берді.

Қазір учаскеде 10-нан астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр. 4 мың тоннадан астам қажетті материалдар жеткізілген.

Арқалық -Торғай бағытындағы жол да жөнделу үстінде.

“Арқалық – Торғай бағытындағы жолдың Жанкелдин ауданындағы екі жерінен бұзылуына байланысты баламалы көлік қозғалысы ашылды. Бұл аумақтарда мердігер «Алюминстрой» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын бастады. 20-дан астам техника жұмылдырылды. Су басқан учаскеге 500 текше метрден астам инертті материалдар төселуде”, – деді Олжас Нұрғалиев.

«Торғай – Шилі – Аралкөл» жол бойынан Жанкелдин ауданына балама жол ашылды. Қазіргі уақытта бұл бағытта Әулиекөл және Қамысты аудандары арқылы жүруге болады.

Жаңалықтармен бөлісу