Суретте Жанкелдин ауданындағы Жыңғылды қыстағы бейнеленген.
Қонай ауылына қызылсу жайыла бастады
Қарғын су Қостанайдың іргесіндегі елді мекендердің тұрғындарының мазасын ала бастады. Рудный қаласынан кіре берістегі Қонай ауылына су жайылды. Ондағы Тасбұлақ көшесінің тұрғындарын таңертеңнен бері әбігерге салып жатыр.
Су қоймалары, өзендер арнасынан асып, қауіп күшейе түсті (ВИДЕО)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы шараларды пысықтау мақсатымен облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет – халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру.
Үш ауданды қамтыған орталық
Мемлекет басшысының шалғай ауылдарға сапалы медициналық қызмет көрсету туралы тапсырмасымен былтыр Әулиекөл ауданында аудандық орталық ауруханасының негізінде инсульт орталығы ашылды. Орталықтың Әулиекөл, Наурызым және Қарасу аудандарында тұратын 100 мың адамға дейін шұғыл көмекпен қамтуға мүмкіндігі бар. Бұрын тексеруден өту үшін тұрғындар жолда бірнеше сағат жүруге мәжбүр болатын. Көктемде немесе көзкөрінбес борандарда облыс орталығына жеткізу оңай […]
Алпыс оқушы елдің ең үздік сауықтыру орталықтарында тегін демалады
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің үздік сауықтыру орталықтарына Аманкелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қалаларынан 60 бала жіберуге тапсырма берді.
ҚМДБ Торғайға гуманитарлық жәрдем жіберді
Торғайда су тасқынының қарқыны әлі қайтқан жоқ. Тәуіш, Көлқамыс, Көкалат, Аралбай ауылдарын су басып, Қызбел ауылына қауіп төнгенін хабарладық.
Меңдіқарадағы ахуал жіті қадағалауда
Меңдіқара ауданының Степанов және Архипов ауылдарында да су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр. Еріген су жақын маңдағы егіс алқаптарынан келу үстінде. Аталған қос ауылдың маңындағы ойпаң жерлерді су басқан.
Буревестниктегі су тасқыны: қауіп сейілді
Науырзым ауданы Буревестник ауылының үшінші бөгетінде су арнасынан асып, жеті үй су астында қалды.
Арқалыққа ҚМДБ-ның қайырымдылық керуені келді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қоры» су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек қайырымдылық керуені Торғай халқына көмегін жеткізді.
Ақшығанақ ауылында тасқынға қарсы қам-қарекет жасалып жатыр
Жыланшық өзенінің Тосынға құятын тұсында терең құлақша бар. Ағыс күшейсе, қарғын су сонда жиналып, Ақшығанақ ауылына қауіп төндіруі мүмкін.