Торғайдағы Жыңғылды қыстағына су басу қаупі төнді (ВИДЕО)

Торғайдағы Жыңғылды қыстағына су басу қаупі төнді (ВИДЕО)

Суретте Жанкелдин ауданындағы Жыңғылды қыстағы бейнеленген.

Шеген ауылынан 17 шақырым жерде орналасқан.

Мұнда шаруа қожалығының жетекшісі Марал Қабжанов мал өсіріп отыр. Су қораның түбіне келгенін айтады.

blank

Судың көлемі мол болғанымен ағысы баяу.

blank

Алайда ауыл жақтан қыстаққа қарай соққан желдің жылдамдығы ол жердегі су басу қаупін күшейтіп отыр.

«Судың деңгейі екі метрге көрілсе, айналаны су басады. Шеткі қора қоршауда қалды. Әзірге не боларын білмейміз», – дейді шаруа қожалығының жетекшісінің баласы Жасұлан Қабжанов.

https://youtube.com/shorts/TJ8NeKa_2G8?si=w_6r_INkdecF0JJj